Берденовтың ауруханада жатқан фотосы жарияланды
Суретті әлеуметтік желіге Марғұлан Сейсенбай салған.
Әкімдік ғимараты алдында оқ тиген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы пайдасы болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Желіге суретті белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай жариялады. Кәсіпкер Шымкентке барған сапарында ауруханаға кіріп, шенеуніктің жағдайын біліп қайтқанын айтқан.
Еске салсақ, жақында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Өз аяғымен қозғалып жүр, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында» деп айтқан болатын.
21 сәуірде Руслан Берденовке қастандық жасалып, ол жарақат алған еді.Кейінірек, 25 сәуірде шенеунікке оқ атқан күдіктінің әкесі көпшілікке мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, Руслан Берденов 2024 жылдың ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.