Сенат Төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
- авторОймақ
- 9 мамыр, 2025
- 42

Салтанатты рәсімге қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні ел тарихында және әрбір қазақстандықтың өмірінде ерекше орын алатын дата екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық өңірде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар өткізіліп жатқаны айтылды.
«Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айрықша маңызға ие мереке. Биыл мерейлі датаға орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр.Соның аясында 7 мамыр күні Астанада әскери шеру ұйымдастырылғаны белгілі. Ал, бүгін бізКеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне арнайы келіп тұрмыз. Мәншүк Мәметова 20 жасқа толар-толмас шағында өз еркімен майданға аттанып, батырлық пен қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. Біз келер ұрпақтың бейбіт заманы үшін өзінің өмірін құрбан еткен Мәншүк Мәметованың және барлық майдангердің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Соғысқа қатысқан аға буынды ардақтап, рухтарына тағзым ету – біздіңазаматтық парызымыз», – деген Мәулен Әшімбаев ардагерлерге зор денсаулық және олардың отбасыларына бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар бүгін Палата Спикері бір топ депутатпен бірге соғыс ардагері Василий Сердюковты Жеңіс күнімен құттықтады. Василий Сердюков 1943 жылы 17 жасында майданға аттанған. Кездесуде ардагер құттықтап келушілергеөз алғысын білдіріп, батасын берді.
Василий Антонович соғыс жылдарындаБеларуссиядағы артиллериялық әскер қатарындажәне 26-шы миномет бригадасында болып, Минск пен Варшаваны азат етуге қатысты. Сондай-ақ олЖеңісті Рейхстагта жүріп қарсы алғанын атап өткен жөн.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.