жұма, 9 мамыр, 2025 18:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекеттік кеңесші Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Мемлекеттік кеңесші Әлия Молдағұлованың ескерткішіне  гүл шоғын қойды
фото Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

 Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Ерлан Қарин салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес осынау атаулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғанын жеткізді.

Атап айтқанда, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай жастар арасында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.

Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әлия Молдағұлова өскелең ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қала береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар