Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлап, бір әйел көз жұмған
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлап, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
“Оқыс оқиға болған кезде сауықтыру кешенінің аумағында демалушылар болған. Бірі оқиғаның салдарын видеоға түсіріп, тас құлаған кезде жуыну орнында болғанын, бірақ қашып үлгергенін айтады. Тастың құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін”, – дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.