Тракторшы-машинист куәлігі заңсыз берілген
Жетісу облысы Ақсу ауданы прокуратурасы мәлімдеп отыр.
Жетісу облысының Ақсу ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы техникасын жүргізу куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаға тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша барлық 3 куәлік тәркіленіп, күші жойылды.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қызметке толық сәйкес еместігі туралы жарияланды.