жексенбі, 4 мамыр, 2025 20:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астрологқа 200 мың доллар жұмсаған: Кәрім Мәсімовке қатысты тағы бір ақпарат шықты

Астрологқа  200 мың доллар жұмсаған: Кәрім Мәсімовке қатысты тағы бір ақпарат шықты
Фото: The Telegraph
Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсалған деп айыпталады.

Ұлыбританиялық The Telegraph басылымы 18 жылға сотталған Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен Англияның Лейбористік партиясының бұрынғы көшбасшысы Тони Блэрмен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл сурет 2012 жылы түсірілген.  Тони Блэрдің Қазақстан үкіметімен байланыстары қайтадан қоғам назарында. Freedom for Eurasia ұйымының «Napoleon Complex» атты жаңа баяндамасында бұрынғы Ұлыбритания премьер-министрі мен қазір түрмеде отырған Кәрім Мәсімовтің тығыз байланысы жайлы тың мәліметтер жарияланды. Аталған баяндамада Кәрім Мәсімовтің жемқорлыққа қатысы бар екені және астрологтарға орасан қаражат жұмсағаны айтылған.

Кәрім Мәсімов жемқорлық жолмен жиналған қаражатты қымбат мерекелерге, Париждегі Disneyland-қа, Ritz қонақүйіне, бес шетелдік мүлікке және Mercedes-Benz көліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар ресейлік астрологқа 200 000 доллар төледі, тіпті құны 100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады.

Блэрдің өкілі бұл баяндаманы «Tony Blair»  есімі арқылы қара пиар жасау әрекеті деп атады. Ол Қазақстандағы жұмыстың басты мақсаты — "экономикалық және әлеуметтік реформалар" болғанын айтып, Блэрдің ешбір жемқорлық ісіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар