сенбі, 3 мамыр, 2025 6:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Берденовке жасалған қастандық: тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр

Берденовке жасалған қастандық: тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр
Шымкент қалалық әкімдігі
Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықты тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Олар:

- ҚК 24-бабы 3-бөлігі — Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.

- ҚК 99-бабы 2-бөлігі 6-тармағы — басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу.

Аталған қылмыстар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза мүлікті тәркілеумен немесе тәркілеусіз сот шешімімен тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Бенденовке үш рет оқ атылды. Күдікті ұсталған. Әкім орынбасарына шұғыл түрде операция жасалып, ол әлі де дәрігерлер бақылауында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар