Димаштың концертіне жалған билет сатылған
Алаяқтар жалған билет сату үшін арнайы сайт жасаған.
Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің концертіне алаяқтар жалған билеттер сатыпты.
Dimash.news сайтының ақпаратынша, әншінің Лондон мен Ригадағы концерттеріне жалған билеттерді сататын алаяқтар жасаған сайт пайда болған.
Билеттерді тек билет операторының mticket.com ресми сайтынан сатып алуға болады.
«Барлық басқа платформалар арқылы алынған билеттер ресми емес және концертке жарамсыз болып саналады», - делінген хабарламада.