Руханият

Димаштың қарындасы Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды

Ол жақында сырғалым атанған.

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды.

Раушан Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінде түсірілген видео жариялады.

Белгілі болғандай, күйеу жігіт – Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші Ермахан Аймахан.

Ол 2023 жылы қазақ күресінен 74 келіге дейін салмақта «Театр барысы» атанған.