сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 18:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Салауатты өмір салты – сапалы қызметтің негізі

Салауатты өмір салты  – сапалы қызметтің негізі
«Спорт – денсаулық кепілі» атты спартакиада ұйымдастырылды.

 

Салауатты өмір салтын насихаттау – қоғам дамуының маңызды бағыты. Осы ұстанымды негізге ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен Түркістан облысы бойынша филиалдар арасында ауқымды көлемде «Спорт – денсаулық кепілі» атты спартакиада ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дамыту, ұжым ішіндегі бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Түркістан облысына қарасты 17 ауданнан жиналған филиал қызметкерлері құрама командаларға бөлініп, өзара бақ сынады.

Жарыста Түркістан облысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Бахыт Басымбек сайыста сынға түсетін командаларға сәттілік тіледі.

- Дені сау ұлт –болашақ кепілі. Халықтың дені сау, рухы мықты болса ғана ел игілігі үшін аянбай еңбектенеді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған сайыстың берері көп. Жарыста жеіңіс те, жеңілісте бар. Барлық қатысушы командаларға жеңіске жетуді тілеймін,-деді Бахыт Мүсірәліұлы!

Қызықты әрі тартысты өткен жарыстар футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тартыс секілді спорт түрлерін қамтыды. Әрбір қатысушының белсенділігі мен ынтасы жоғары деңгейде көрініс тапты. Бұл тек жарыс емес, сонымен қатар ұжымдар арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты арттыруға бағытталған тамаша алаң болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар