сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 14:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда 46 жастағы әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен

Атырауда 46 жастағы әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен
Aikyn.kz
Күдікті қамауға алынды.

Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қамауға алынды.

Адам құқықтары жөніндегі бюро Facebook желісіндегі парақшасында Атыраудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде денесі табылған марқұм әйелдің туыстары жүгінгенін жеткізген. Бюро хабарламасына сай, марқұм әйел 1979 жылы туған және NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған. Ол көп жыл бойы мұнай-газ саласында жұмыс істеген.

"Алдын ала дерек бойынша марқұмның денесінде пышақ іздері анықталған, үйдегі сейф ашылған күйде болған. Бибігүл Шпанова - елдегі ең ірі деген жобаларды, оның ішінде Қашағанды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосқан кәсіби мамандардың бірі" , - делінген хабарламада. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен ақпаратқа қарағанда, күдікті әйелді үйінде өлтірген. 

"Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар