сейсенбі, 29 сәуір, 2025 23:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ақша сұрап, күш қолданады:" Алматы облысы білім беру мекемелеріндегі жағдай алаңдатады

"Ақша сұрап, күш қолданады:" Алматы облысы білім беру мекемелеріндегі жағдай алаңдатады
фото: aqmeshit-zhastary.kz
Бұл туралы бала құқытары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

 

Алматы облысында білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстары мен балалар қауіпсіздігіне қатысты елеулі проблемалар тіркелді. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жүргізілген тексерістер нәтижесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында осы айда біз мемлекеттік органдар, Балалар құқықтарын қорғау комитетімен бірге Алматы облысының 7 ауданындағы мектептердегі жағдайға іріктемелі тексеріс жүргіздік. Өкінішке қарай, Алматы облысы Іле ауданында оқушының басқа балаларға қатысты жасаған зорлық-зомбылығы – бұл облыс мектептеріндегі үлкен жүйелі проблеманың бір көрінісі, - деді ол.

Облыс оқушыларының арасында анонимді сауалнама жүргіздік, сондай-ақ олардың анкеталары зерттелген. Нәтижелері бізді селт еткізді.

Қарасай, Балқаш, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының мектептерінде балалардан ақша бопсалау, тамақ тартып алу, буллинг, зорлық-зомбылық фактілері тіркелген. Сонымен қатар мұғалімдер де дене шынықтыру және алгебра пәні мұғалімдерінің тиіспе әрекеттері туралы жазған. Еңбекшіқазақ ауданында екі бала мұғалімдердің күш қолдануынан кейін ауруханаға түскен, - деді ол.

Сондай-ақ Жамбыл ауданының бір мектебінде балалар қорқынышты көріністі сипаттаған. Зәкиеваның сөзінше, төменгі сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын көргенде қолдарын ақша беру үшін бірден қалталарына салады екен, әйтпесе оларға күш қолданылады дейді. Балалар 5-сынып оқушысын топ болып ұру, насыбай қолдану (ол кейде жерде жатады деп жазған) туралы да жазған.

Сонымен қатар олар оқушыларға қатысты кибербуллингті жариялайтын анонимді Instagram-арна туралы хабарлап, бұл туралы мұғалімдерге айтқандарымен, ешқандай көмек алмаған. Одан бөлек, балалар күзде кемінде 50 оқушы қатысқан жаппай төбелес болғанын айтты. Бірақ мектеп бұл фактіні жоққа шығарып отыр, ал полиция мұндай ақпаратқа ие емес екен. Осылайша, мектептерде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтарды мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің жасыруы, балалармен профилактикалық және жеке жұмыстың жоқтығы байқалады. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасындағы жағдайды білмейді немесе елемейді, жасырады және полицияға хабарламайды, - дейді уәкіл.

Бұдан бөлек көптеген жағдайларда мектептердің өздері анкетада буллинг, ақша бопсалау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер бойынша оң жауаптар берілгеніне қарамастан, қорытынды анықтамада мұндай жағдайларды 0% деп көрсеткен.

Сонымен қатар Динара Зәкиева облыста тәрбие бағдарламаларын және қабылданған заң нормаларын іске асыру деңгейі төмен екенін атап өтті.

Бұл фактілердің бәрін біз облыс басшылығы, полиция және өзге басқармалармен өткен қорытынды жиналыста жария еттік. Сондай-ақ біз облысқа және уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын анықтама дайындадық, - деп жазды ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар