дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 21:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық гимнастшылар қолаға қол жеткізді

Қазақстандық гимнастшылар қолаға қол жеткізді
фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ташкентте әлем кубогының кезеңі мәреге жетті.

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешуші жарыс күні Қазақстан құрамасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Нәтижесінде Қытай 24.55 баллмен көш бастаса, Польша 23.00 баллмен екінші орын алды. Ал Қазақстан құрамасы 22.20 баллмен үздік үштікті түйіндеді. 

Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-орынға жайғасты.

Айта кетсек, сәуір айының басында көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар