
Белгілі кәсіпкер, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында досы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты.
Жағдайы жақсарып келді. Орнынан тұрды, 10-15 қадам жасай бастады. Сөйлей бастады. Ем алуға шетелге жібереміз бе деп ойлағанбыз. Бірақ топ-10 дәрігердің қатарына кіретін шетелдегі мамандардың өзі шымкенттік ақ халаттыларды мақтап жатыр. Өте шұғыл әрі дұрыс ота жасағанын айтты. Күнделікті анализдерін жібердік. Сырттағы дәрігерлер ешқайда әкетудің қажеті жоқ. Шымкентте қала бергені дұрыс деп отыр, - дейді Сырымбек Тау.
Оның айтуынша, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Аустрия дәрігерлеріне хабарласқан. Сондай-ақ кәсіпкер осы іске басты күдікті ретінде ұсталған азаматтың әкесінің айтқан сөзімен келісетінін де жеткізді.
Күдіктінің әкесінің «келінімді араластырмаңдар» деген әңгімесіне қосыламын, - дейді Сырымбек Тау.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.