жұма, 25 сәуір, 2025 23:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз": Ернар Жиембайдың әкесі үндеу жасады

"Бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз": Ернар Жиембайдың әкесі үндеу жасады
Коллаж: Qaz365.kz
Ата-анасы үшін де бұл жағдай ауыр соққы болғанын айтты.

“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев ресми мәлімдеме таратты.

«Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім”, - дейді ол. 

Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болғанын айтты. Бүгінге дейін ұлы Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырғанын жеткізді.
Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкініш білдірді. 

“Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да”, - дейді ол.

Ернар Жиембайдың әкесі осы қиын күндері қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс білдірді. “Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз” делінген мәлімлемеде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар