Қылмыс серкесі Серік "Голова" өмірден өтті
Ол тоғыз рет сотталып, қауіпті рецидивист атанған.
Қазақстанда қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған қылмыс серкесі Серік Жаманаев өмірден өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол ұзаққа созылған сырқаттан кейін ауруханада көз жұмды. Жаманаев онкологиялық дертке шалдыққан болатын.
Серік Жаманаев 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында (қазіргі Карғалы) дүниеге келген. Алғашқы жазасын 1982 жылы ұрлық жасағаны үшін алған. Үш жыл түрмеде отырып, бостандыққа шыққан соң, қарулы шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Осы қылмысы үшін 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде ол кез келген жағдайдан шығу жолын тез табатын қабілетінің арқасында «Голова» деген лақап атқа ие болған.
2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.
Тергеу изоляторында отырғанда оған соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін ол дінге бет бұрған.