
24 сәуір күні колледждің акт залында білім беру мен бизнес өкілдерінің басы қосылған қосқан маңызды іс-шара өтті. Студенттер мен әлеуметтік әріптестер білім алмасу, тәжірибе бөлісу мақсатында дөңгелек үстелге қатысты. Бұл бастама білім мен бизнестің серіктестігін нығайту үшін жасалған қадам. Болашаққа жасалған мұндай игі бастаманы басы-қасында колледждің оқу-өндірістік ісі жөніндегі директор орынбасары Жазира Наутиева ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар білім мен бизнес арасындағы өзара байланыс орнатудың маңызын атап өтті. Мамандықтар жылы аясында білімнің тек теориямен шектелмей, нақты тәжірибемен толықтырылатынына тоқталды. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандарды даярлауда өте маңызды.
Дөңгелек үстел барысында студенттер мен бизнес өкілдері бірқатар өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Бұл мәселелер арасында еңбек нарығының қажеттіліктері, білім беру бағдарламаларының бейімделуі, тағылымдамалардың тиімділігі мен инновациялардың енгізілуі болды. Студенттердің ұсынысы мен пікірі тыңдалып, олар білім беру үдерісін жетілдіруге қажетті тың тұжырымдарын ортаға салды.
Іс-шараның қорытындысында қатысушылар білім беру мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге шақырылды. Мұндай ынтымақтастық студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетіні сөзсіз. Дөңгелек үстел кезінде студенттер өз мамандығына қатысты сұрақтар қойып, білім алуға деген ынта-ықыласын көрсетті. Бұл іс-шара жастардың кәсіби дамуына, еңбек нарығында табысты болуына зор ықпал ететіні анық.
Алдағы уақытта осы идеялар мен пікірталастардың нәтижесі білім беру мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіні күмәнсіз.
Бағдат Сұлтанқызы
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.