бейсенбі, 24 сәуір, 2025 2:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оралда ақша бопсалады деген күдікпен жастар ұсталды

Оралда ақша бопсалады деген күдікпен  жастар ұсталды
Фото: БҚО полиция департаменті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері Оралда жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастар тобын ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, жәбірленуші жігіт әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. 

Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Көрсетілген мекенжайға келген кезде пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен. 

- Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы, келтірілген залал көлемі анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар