жексенбі, 20 сәуір, 2025 16:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Пасха мерекесімен құттықтады
фото Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүниежүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор. 

Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.

Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.

Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!

Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар