Руханият

Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров неке қидырды

Бұл туралы олар өз Instagram парақшасында жариялады.

Танымал әртіс әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров некелесті. Енді екеуі заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Бұл туралы олар өз Instagram парақшасында жариялады.

"Жаңа қадамның басы" деп жазған парақшада ерлі-зайыптылар суреттері салынған.

Естеріңізде болса, бұған дейін олар мешітте некесін қиған. Ол жайында ерлі-зайыпты жылдың басында қаңтар айында жария етті.  Айта кетейік, Айжұлдызға блогер Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.