АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ: Қос елдің әдебиетін байланыстырған конференция
Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мәмлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Бердақ атындағы Қарақалпақ әдебиеті тарихы мемлекеттік музейі арасындағы шығармашылық ынтымақтастық меморандумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Тарихи-мәдении мұра басқармасы, Alikhan Bokeikhan University және Ташкент Информациялық технологиялары университетінің Нөкіс филиалының қолдауымен 2025 жылы 15 сәуірде «Абай және Қарақалпақ әдебиеті» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференциясы өтті.
Конференция ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Тарихи-мәдении мұра басқармасының басшысы Ж.Сеидалинаның құттықтау сөзімен ашылып, қос музей директорлары Ш.Пайзуллаева мен Ұ.Сағадиевтің күллі түркі халқына мәшһүр болған Абай мұрасы мен музей қызметі, музейлер арасындағы шығармашылық байланыс жайына тоқталды.
Сонымен қатар Беларусь әдебиеті тарихы мемлекеттік С.И.Усик, PhD, түркітанушы, аудармашы А.Өздемир, Қырғызстан ҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты бөлімінің басшысы, ф.ғ.д. М.Көлбаева, АДАМ университеті гуманитарлық пәндер кафедрасы доценті, ф.ғ.к. И.Ибраева, Венгрия ҒА Этнография институты аға ғылыми қызметкері, PhD И.Санта құттықтауларын жолдады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Қазақ және қарақалпақ халықтары арасындағы әдеби байланыс;
- Абай шығармалары әлем тілдерінде;
- Шығыс шайырлары мен Абай үндестігі;
- Халық ауыз әдебиеті және бабалар мұрасы;
- Қарақалпақ әдебиеттануы және тіл білімі;
- Музей ісі және ұлылар мұрасын насихаттау.
Түркия ғалымы, Саркарья университетінің профессоры К.Е.Атаман «Абайдың жаһандық портреті және тұлғалық талдау», Монғолия елінің жазушысы, этнограф Ж.Ақби «Қарақалпақ ішіндегі рулар атымен Қазақ және Монғол ішіндегі рулармен ұқсастық», Үргеніш мемлекеттік университеті, Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғ.д, профессор М.Хажиева «Қожа Ахмед Яссауи: қазақ және қарақалпақ халықтарының әдебиетінде, мәдениетінде, тарихында туған», Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Ж.М.Әубәкір «Абай мұрасы және интеллектуалды ұлт», ӨзҒА Қарақалпақстан бөлімі, Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты Тарих бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д, профессор С.Нуржанов «Қарақалпақстан мен Қазақстанның өзара байланысу мәселелері», Қазақстан МДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Т.Е. Қыдыр «Абай және әліппе өлең өрнегі», ӨзҒА Қарақалпақстан бөлімі, Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты, Қарақалпақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Бекбергенова «Абайдыӊ көркемдік дүниесі», Бухар жырау атындағы әдебиет және көркемөнер музейінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Әміренов «Абай шығармаларындағы мәтін ілімі (қаул термині негізінде)», Қарақалпақ мемлекеттік университеті Қарақалпақ әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Қ.Юсупов «Қарақалпақ шайыры Т.Қабуловтыӊ лирикаларын оқытыу технологиялары», Л.М.Демесінова «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Абай институты басшысы, PhD доктор, «Абайдың «толық адам» ілімі мен тұлға дамуы мәселелері», Alikhan Bokeikhan University филология кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Ж.Ж.Аитова «Абай және Бердақ туындыларындағы рухани үндестік», ӨзҒА Қарақалпақстан бөлімі, Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты, Қарақалпақ фольклоры бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор П.Өтениязов «Қарақалпақ және қазақ халық ертегілеріндегі мотивтер және сюжеттер», Қарақалпақ мәмлекеттік университеті, Қазақ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD доктор Ш.Смамутова «Бердақ және Абай поэзиясындағы саяси-әлеуметтік мотивтер», Қарақалпақ мемлекеттік университеті Қарақалпақ әдебиті кафедрасының доценті, PhD доктор Г.Тоқымбетова «Қарақалпақ және қазақ әдебиетіндегі жеке және ортақ мәселелерді зерделеу», Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ҒЖЖО М.С. Қайрамбаева «Абай мұрасын танытудағы Абай музейінің маңызы», «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің жетекшісі, Қ.Қ.Қиықбай «Абай және шығыс әдебиеті» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Оған қоса конференцияға Түркия, Монғолия, Беларусь, Қырғызстан, Қарақалпақстан елдерінен және отандық ғалымдар, ЖОО студенттері қатысты.