
Жамбыл облысы Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінде ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған. 2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен тіркелді”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Шерзат Полатқа қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтеді,
- авторОймақ
- 17 сәуір, 2025