Time журналы 2025 жылдың 100 ықпалды адамы тізімін жариялады
16 сәуірде Time журналы 2025 жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тізімге 32 елдің өкілдері кірді. Дональд Трамп әкімшілігінен алты адам кірді, соның ішінде Трамптың өзі де бар. Олар: Илон Маск, Дж.Д.Вэнс, кіші Роберт Фрэнсис Кеннеди, Ховард Лутник және Рассел Воут.
Трамптың картасында "бірде-бір заманауи президент АҚШ үкіметін ол сияқты батыл басып ала алмады" делінген.
Одан бөлек тізімге Walmart бас директоры Даг Макмиллон, сәнгер Миучча Прада, Netflix басшысы Тед Сарандос, Марк Цукерберг енді.
Спортшылар арасында Time 100 тізімінде теннисші Серена Уильямс, гимнаст Симона Байлз, баскетболшылар Нафиса Коллиер мен Брианна Стюарт және 22 жастағы француз жүзгіш Леон Маршан бар. Сонымен бірге төрт дүркін Олимпиада чемпионы Маршан Time тізіміндегі ең жас адам болды.
Кино және поп жұлдыздарының ішінде ең ықпалдылары – Скарлетт Йоханссон, Снуп Догг, Деми Мур, Эд Ширан, Николь Шерзингер, Блейк Лайвли, Хозиер және т.б.
Тізімге сондай-ақ тоғыз белсенді мен құқық қорғаушы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 72 жастағы француз әйелі Жизель Пелико кірді.