сенбі, 19 сәуір, 2025 7:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға қанша қаржы бөлінеді: вице-министр мәлімдеді

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға қанша қаржы бөлінеді: вице-министр мәлімдеді
фото BAQ kz
Бүгін Мәжілісте ұлттық спортқа қатысты отырыс өтіп жатыр.

Мәжілісте ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелеріне арналған  отырыс өтіп жатыр. Отырыста Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға қанша қаржы бөлінгені туралы айтты. 

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының бюджеті 2025 жылы 1,2 млрд теңге, ал 2024 жылы 1,6 млрд теңге болды, - деді вице-министр.

Оның мәліметінше, ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдауды облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері де жүзеге асырып жатыр. Жалпы, 2024 жылы жергілікті бюджеттен 3,1 млрд теңге, ал 2025 жылы 4,8 млрд теңгеге ұлғайды.

Еліміздегі ұлттық спорттың бүгінгі күні бұқаралық сипаты ғана емес, халықаралық ареналардағы көрсеткен нәтижелері де артып келеді, - деп айтты Жарасбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар