Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірдік деп ойлаған – прокурор
Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрғаны да айтылды
Прокурор Ержан Құрақбаев сотта сөйлеп, Шерзат Болаттың өміріне қауіп төндірген және оны ауыр дене жарақаттарына ұшыратқан қылмыс жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Прокурордың сөзінше, күдіктілердің бірі Шынасыл Шерзаттың жүрегіне пышақ сұққан. Шерзат асфальтқа құлаған. Басқа адамдар да оған шабуыл жасаған.
Құрақбаевтың мәліметінше, Шынасыл оқиға барысында Шерзаттың анасы мен әжесінің көзінше әрекет еткен. Содан соң, Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырғанымен, бөтелке мақсатқа жетпей қалған. Ал кейінірек Сәкиев Ғайыпбаевты жұдырықпен ұрып, Азамат Тоқтаубаев пен Ілиясов ас пышақтарымен Ғайыпбаевқа қарсы әрекет жасаған.
Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрғаны да айтылды. Оқиға орнына әжесі келген кезде Шынасыл оны итеріп құлатқан. Сонымен қатар Бишімбиева өз ұлы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, оған қарай жүгірмек болғанда, Шынасыл мен Ілиясов оның жолын бөгеген.
«Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Болатқа қарай барған. Сол сәтте Бишімбиева Болатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Болаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, аталған мылтықтың сабымен Болаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Болатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Ғайыпбаев тірі қалды, – дейді прокурор.