жұма, 18 сәуір, 2025 11:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Танымал журналист Лев Тараков қайтыс болды

Танымал журналист Лев Тараков қайтыс болды
Фото: aikyn.kz
2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.

Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі журналист, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын. Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді.

Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін.

Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын, – деп жазды министр.

Лев Тараков ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси бағыттағы "Время" газетінің бас редакторы болды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, ҚР Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Газета Литер" ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарды.

2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар