АШМ-ға қарасты департаментте қызмет еткен экс-шенеунік жемқорлық бойынша күдікке ілінді
- авторОймақ
- 9 сәуір, 2025
- 122

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған", - делінген Антикор Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.