сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 3:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Құстар әні" фестивалі өтеді

"Құстар әні" фестивалі өтеді
фото: ашық дереккөз
Фестиваль композитордың 100 жылдығына арналады.

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2-4 сәуір аралығында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалін өткізеді, –  деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің мақсаты – көрнекті композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық музыка өнерінің дамуына ықпал ету, жас музыканттарға қолдау көрсету және өңірлік өнер ұжымдарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Фестиваль аясында қазақ музыкасының алтын қорына енген «Құстар әні», «Өз елім», «Аққу», «Ата толғауы», «Жан сәулем» және басқа да шығармалар орындалады.

Мәдени іс-шараға өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары және еліміздің әр өңірінен келетін шығармашылық ұжымдар, БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым қатысады.

Фестиваль өтетін күндері Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аңыз тұлғаның туындылары талқыланады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар