
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында дебюттік өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы лицензияны салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Еркін бағдарламада 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы екі элементтен басқасының барлығын таза орындады. Нәтижесінде қазақстандық 117,78 ұпай жинап, еркін бағдарламада 13-нәтиже көрсетті. Ол барлығы 181,36 ұпай жинап, қысқа бағдарламадан кейін 14-орынға тұрақтады.
Бұл нәтиже Самоделкинаға 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының алғашқы лицензиясын ресми түрде алуға мүмкіндік берді.
Бостондағы жарыста алғашқы орын мансабын қайта бастаған америкалық Алиса Люге (222,97) бұйырды. Ал алдыңғы үш әлем чемпионатында бірінші орынды алып келген жапон Каори Сакамото (217,98) осы жолы күміс жүлде иеленді. Оның отандасы Монэ Тиба (215,25) қола алды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.