
Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова топ жарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 72 келіге дейін салмақта күресті.
Жарыс жолында ол Ким Се-Хиді (Оңтүстік Корея) мерзімінен бұрын ұтса, жартылай финалда басты фаворит, 2021 жылғы Азия чемпионы Масако Фуручиді (Жапония) соңғы секундтарда бозкілемнен шығарып, жеңісті жұлып алды. Финалда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қытай өкілі Лю Югиден 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Жәмила өз мансабында 6 рет сары құрлықтың медалін (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) еншіледі.
Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.