дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 10:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қызылордада жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
фото әкімдік
Жобаның құны 215 млрд теңгені құрайды.

Сыр өңірінде халықты үздіксіз электр энергиясымен қамту және тиімділігін арттыру мақсатында жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында қолға алынған қуаттылығы 240 мегаваттың бірегей жобаның жалпы құны 215 млрд. теңгені құрайды.

 Қызылорда қаласында құрылысы қарқын алған жылу-электп орталығының жайы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен республикалық кеңесте қозғалды. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Жиында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты баяндады.

Бүгінде құрылыс жұмыстарын «Акса Энерджи» түрік компаниясы жүргізуде. Инвестор жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталған.

Жаңа станция келешекте облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді деп жоспарланған.

Аймақ үшін ерекше маңызы бар жаңа нысан ағымдағы жылдың 4-тоқсанда аймақ ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Алдағы уақытта орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбырын тарту көзделіп отыр.

Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.

Қазіргі таңда аталмыш жұмыстардың техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады.

Қызылопда облысы әкімлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар. Алайда, олардың тозу деңгейі 62 пайызды  құрайды. Өңірде энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылған. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар