сенбі, 29 наурыз, 2025 15:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Алматы Су" кәсіпорнының директоры сотталды

"Алматы Су" кәсіпорнының директоры сотталды
Видеодан скриншот
Бұған дейін шартты түрде сотталған еді.

Биыл 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының Күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевты шартты түрде соттаған еді. Ал, бүгін ол сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Алдыңғы сот отырысында айыпталушы орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен Жолдыбаев 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айырылған.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар