"Әлем чемпионатына баруым үшін әкем көлігін сатты": Алуа Балқыбекова отбасы туралы әңгімелеп берді
- авторОймақ
- Бүгін, 11:04
- 38

Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Алуа Балқыбекова отбасындағы қиын кезең туралы айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Youtube-тегі Спорт министрі арнасына сұхбат берген боксшы анасынан айырылып, қиын кезді бастан өткергенін айтты. Сонымен қатар жарыста алатын сыйақысына әкесіне көлік сатып алып бергісі келетінін жеткізді.
"Анам дүниеден озған соң Тараздан Алматыға көшіп келген едік. Баспананы ипотекалық несиеге тіркеттік. Сол кезде қатты қиналдық. Қарызға кіріп кеттік. Бұл - әлем чемпионатына дейін болған жағдай. Сол кезде әкем көлігін сатты, мен әлем чемпионатына баруым үшін", - дейді спортшы.
Спортшы қазір де отбасымен сол үйде тұрып жатқанын айтты.
50 келіде бақ сынаған боксшы Сербиядағы байрақты бәсекенің финалында қытайлық Ху Мэйиді 5:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.