сенбі, 22 наурыз, 2025 22:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дастан Сатпаев он алты жасында ұлттық құрамаға алынды

Дастан Сатпаев он алты жасында ұлттық құрамаға алынды
Фото: ҚФФ
Әли Әлиев неге бұлай шешім шыққанын түсіндіріп берді.

16 жастағы Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға шақырту алды. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс және Лихтенштейнмен матчқа қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев бұл шешімді түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сол кезде Дастанның деңгейін байқадық. Сәтпаев біздің жұлдызымыз. Өте ерекше ойыншы. Қазақстанда осындай футболшы дүниеге келгеніне қуаныштымын. Ол алаңда не істеу керектігін жақсы біледі. Өзі бар-жоғы 16 жаста. Алайда, бәрін түсінеді. «Челси» керемет трансфер жасады деп ойлаймын. Мысалы, 16 жасында Абудкодир Хусановты ешкім білген жоқ. Дастан – біздің жұлдызымыз. Англия Премьер-лигасында ойнауға қабілеті жеткілікті. Дастан әлбетте Мудриктен кем емес, - дейді Әлиев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар