Саясат

Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрін тағайындады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.

2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы шілде айынан бастап 2023 жылдың маусым айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

Ал 2023 жылдан бүгінге дейін энергетика вице-министрі болды.