Белгілі этнограф Болат Бопай өмірден өтті
Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүниеге келген
Елімізге белгілі этнограф Болат Бопай өмірден өтті.
Қаралы хабарды әлеуметтік желіде журналист Біләл Қуаныш жазды.
Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!, - деп жазды ол.
Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүниеге келген.
Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең қаузап 30-дан астам кітап жазды. "Қазақ кəдесі", "Қазақ мінезі", "Қазақ таныған гүлдер ", "Қазақ аспан есебі"," Қазақ түс жоруы", "Қазақ наурызнамасы", "Салт-дəстүр сөйлейді", "Бастаудан бахиға дейін", "Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Ақыт ақиқаты", "Жазу шеберлігі" ," Шетелдегі қазақ тұлғалары", " Сөз саралау өнері", " Əлдиден эфосқа дейін", "Қазақтың өлшем-мөлшер сөздері", "Қазақ жоқтау жырлары", т.б.
Болат Бопайұлы елге оралған 30 жылда мектептер, коллеждер, университеттер де Қазақ салт-дəстүр тақырыбында 2150 сағаттан артық лекция өткізген. Қазақстанда шығатын газет-журналдарда, барлық сайттарда Қазақ этнографияляқ тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.
Болат Бопайұы Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ұлттық Салт-дəстүр, Əдет-ғұрып Акедемиясының Акедемигі. Танымал Этнограф жазушы, Астролог, Гүлтанушы ғалым, Əдебиет сыншысы. Назарияшы, Ағартушы , ұлағатты ұстаз. Қоғам қайраткері, ҚР "Мəдениет үздігі төс белгісінің" иегері, ҚР құрметті азаматы. "Қазақ халқаралық туристік кешені" жобасының патент иесі, " Қазақ киіз үйі - ғалам мөделі" кітабының авторы.