сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 14:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ерекше қажеттілігі бар адамдар теміржол билеттерін 50 пайыз жеңілдікпен сатып алады

Ерекше қажеттілігі бар адамдар теміржол билеттерін 50 пайыз жеңілдікпен сатып алады
Сурет: Еlorda.info
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерекше қажеттілігі бар жандарды алып жүретін адамдар теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті). Сонымен қатар олардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар