Қоғам

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Азамат Қасым – баспасөз хатшысы.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып белгілі журналист Азамат Әбілұлы Қасым тағайындалды.

 

Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.

2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

2017-2020 жылдары –  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2020-2021 жылдары –  «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.

2021-2022 жылдары –  республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2022-2024 жылдары  –  «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.

2024-2025 жылдары –  Абай облысы әкімінің кеңесшісі.

2025 жылдың 27 ақпанынан бастап Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы.