сейсенбі, 18 наурыз, 2025 10:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto
Жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ғана циклон ойысының әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. 

Сондай-ақ Қазақстан аумағының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

– Солтүстікте түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі, – деп мәлімдеді "Қазгидромет".

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар