дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 22:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Жаңа адамдар» Алматыда кезекті педофилді әшкереледі

«Жаңа адамдар» Алматыда кезекті педофилді әшкереледі
фото BAQ kz
Бұл балалардың қауіпсіз өмір сүруі үшін қажет.

 

«Жаңа адамдар» желідегі әлеуетті педофилдерді іздеу бойынша эксперименттерін жалғастырап жатыр. Мұндай оқиғалар көп екен.

 

Әдеттегідей, олар  12 жастағы қыздың атынан анкета ашып, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктейді. Көп ұзамай өзін «Әділет» деп таныстырған ер адам 12 жасар баланың профиліне қызығушылық танытыпты. Ол кішкентай қызға порнографиялық мазмұндағы суреттер мен бейнежазбаларды жібере бастаған. Кейін «Әділет» ашық түрде жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, қыздан өзін жалаңаш түрде бейнежазбаға түсіруін сұрады. Өз дегеніне жете алмаған соң, «ва-банкке» барып, қызды «кино көруге» шақырады. Чипсы мен кола сатып алып, ол көрсетілген мекенжайға – баланың үйіне келеді.

 

Кішкентай баланың орнына оны «Жаңа адамдардың» «124» азаматтық науқаны белсенділері қарсы алды. Өзінің ұсталғанын түсінген ер адам қашуға әрекет жасайды. Алайда, пәтердің шыға берісінде оны «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Белсенділер оның түрін бейнежазбаға түсіріп, мүмкіндігінше көп адам танысын деп,  кадрларды желіге жариялады.

 

«Жаңа адамдар» Қазақстандағы әрбір бала қауіпсіз өмір сүруі үшін бұл экспериментті жалғастыра бермек.  Қылмыскерлерді анонимдіктен  айыру арқылы балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау қажет.

 

«Жаңа адамдар» белсенділері алған барлық материалдар, хабарламалар мен байланыстар құқық қорғау органдарына берілді. Полиция қызметкерлеріне бұл эксперименттің өткізілуі туралы алдын ала ескертілді.

Бейнебаянға ссілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1WcwHSWaF8YHWa0MHGG6MW55Fw9pRw9Zu?usp=sharing

Фотоға ссілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1PXzlX9dwWm9A2X_hdSnaoMMx3ylL8ZKt?usp=share_link

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар