Руханият

Танымал режиссер Қуаныш Бейсек ажырасып кеткенін айтты

Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді.

Танымал режиссер Қуаныш Бейсек жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын жазады Oimaqnews.kz Turkistan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз», – деп жазды режиссер.

Еске сала кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында жұлдызды жұптың Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келді.