Қызғалдақ жұлсаңыз – айып төлейсіз
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескерту жасады.
Байқамастан, шатастырып болса да қызғалдақ жұлған қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескерту жасады.
“Елде қызғалдақ тұқымдас гүлдердің 18 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Сондықтан заңмен қорғалады. Қылмыстың ауырлығына байланысты бас бостандығынан айыру жазасы немесе 11,7 млн теңге (3 000 АЕК) көлемінде айыппұл салу қарастырылған”, – делінген министрлік хабарласында.