Спорт

Алуа Балқыбекова алтын үшін таласады

Әлем чемпионатында жартылай финалда үшінші спортшы жеңіске жетті.

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында үшінші спортшымыз жеңіске жетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

50 келідегі Алуа Балқыбекова Солтүстік Кореяның тағы бір өкілі Ан Куммен 3 раунд бойы айқасып, жеңіске жетті.  Ан Кум алдыға тоқтаусыз ұмтылып, сериялы соққыларға иек артса да, жерлесіміз қарымта шабуылда өз есесін жібермеді. Әр шабуылдан шебер қорғана білген отандасымыз тағы бір мәрте алтынға таласуға мүмкіндік алды. 

Естеріңізге сала кетейік, Алуа Балқыбекова 2022 жылы Түркиядағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.