Әлеумет

Көрісу күніне арналған мерекелік шара

«Көрісу күні» атты мерекелік шара өтті.

 

Наурыз айының 14-і күні қазақ халқы үшін ерекше мереке – Көрісу күні аталып өтеді. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, ақ тілектерін арнайтын мейрам. Көрісу күні – тек қана көрісу емес, өткен жылда болған қиындықтарды артқа тастап, жаңа жылға үмітпен қадам басатын күн.

Осы атаулы күнге орай мектебімізде «Көрісу күні» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара жүргізушілері қазақ және орыс тілдерінде құттықтау сөздерін айтып, Көрісу күнінің маңыздылығын түсіндірді.

Мерекелік бағдарлама
Шара барысында ұлттық салт-дәстүрге сай көріністер қойылып, мектеп оқушылары мерекеге арналған жүрекжарды тілектерін білдірді. Әр сыныптың оқушылары Көрісу күніне арналған өлеңдерін оқып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Сахнада ұлттық би «Қамажай» орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, мектептің ұстаздарынан құралған «Әжелер ансамблі» халық әні «Күміс құмған айды» орындап, мерекенің шырайын аша түсті.

Батаның орны ерекше
Қазақ халқы үшін бата беру – ерекше дәстүр. Іс-шара барысында ардагер ұстаздарымыз бата беріп, жаңа жылда амандық, бірлік, табыс тіледі. Бұл Көрісу күнінің тағы бір маңызды ерекшелігін айшықтай түсті.

Шара соңында жүргізушілер:
– Көрісу күні – бұл біздің бірлігіміз бен достығымызды, бауырмалдық пен сыйластығымызды нығайтатын мейрам. Баршаңызға денсаулық, амандық, бақыт тілейміз! Көрісу күні құтты болсын! – деп түйіндеді.

Мерекелік шара қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген жылулыққа, сыйластық пен бірлікке толы болды. Бұл мереке – тек өткен жылмен қоштасу емес, жаңа жылды ақ көңілмен, ізгі ниетпен қарсы алудың көрінісі.

Махамашова Ақтоты Тілекқызы,

№ 11 жалпы білім беретін мектеп 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары