Ерзұрым: мыңжылдықтар куәгері
Наурыздың басында Түркияның Ерзұрым қаласына жолымыз түскен. Бауырлас елдің туризмді дамыту мен насихаттауға бағытталған кешенді бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сапарлардың бірі еді. Ал Ерзұрымды Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 2025 жылдың туризм астанасы ретінде жариялаған болатын.
Әлбетте Түркия жедел дамып келе жатқан өнеркәсібімен қатар, туризмімен де танылған мемлекет. Бірақ көпшілік әдетте Түркияның жазғы туризмін жақсы біледі. Жерорта теңізінің жағалауындағы курортты қалала қазақстандықтарға көптен таныс. Дегенмен соңғы жылдары Түркия туризм индустриясына елдің барлық аймағын қосуға ұмтылып жатыр. Ел жайлы жарнамалар да біріздендіріліп, жүйеленді, туристік турлар да санқырлыы бола түскен. Барлық аймақты таныту бағытында стратегиялық жоспар бар екені байқалады. Түркияның глобалды туризм палтформасы саналатын GoTürkiye жобасы жаңартылып, жаңа сипатта жұмыс істей бастады. Яғни турзимді насихаттап, қамту аумағын кеңейтуге бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатыр.Нәтижесінде шетелдік туристер саны жөнінен 2024 жылы Түркия рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Былтыр елге 62,3 млн турист келіпті. Туризмнен тсүкен апйда 61,1 млрд долларға жеткен. Сөзсіз шетелдік туристердің бірқатары елдің орталық, оңтүстік және солтүстік шығыс аймақтарына да бет бұрғаны сөзсіз.
Қысқы туризм орталығы
Біздің жолымыз түскен Ерзұрым қаласы қысқы спорт үшін қолайлы аймақ. Түркиядағы ең танымал тау шаңғы спорт кешені осы қаланың қасында орналасқан. Паландөкен деп аталатын спорт кешені әлемдегі танымал сырғанақ алаңдарының тізімінде 18 орында тұр. Ал биыл наурыздың басында кешенде сноубордтан әлем кубогы (SBX) өтті. Жарысты Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд (FIS) федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа 20 жуық елден, 170 тен астам спортшы келіп, қатысты. Әлбетте халықаралық едңгейдегі жарыстың мәртебесі бөлек болады. Дегенмен, мәселе ірі жарыстардың ұйымдастырылуында емес, түріктердің Ерзұрым төңірегіндегі туризмді дамытуға кешенді көзқараспен қарауында болса керек. Паландөкен шаңғы спорты кешені 3200 метр биіктен басталатын сырғу алаңдары бар, қарашаның соңынан бастап, мамырдың басына едйін жұмыс істейтін кешен. Әрі Түркиядағы ең танымал қысқы спорт кешендерінің бірі. Осы тұста Түркияда қысқы туризммен айналысуға болатын үлкенді-кішілі 20 дан астам орталықтың пайда ашылғанын атап өту керек. Бір сөзбен айтқанда түріктер солтүстікте орналасқан Норвегия, Швейцария, Финляндия тәрізді елдерде дамыған туризм түрін жетілдіріп, осы саладан да үлес алмаққа бекінген сыңайлы. Әрі ол жағынан біршама табысқа да жетіпті. Ерзұрым төңірегіндегі шаңғы кешендері соның бір айғағы.
«Республиканың іргетасы Ерзұрымда қаланған»
Түркияның солтүстік шығысына қарай орналасқан Ерзұрым туралы айттық қой, қаланың тарихтағы орны жайлы да сөз еткен жөн шығар. Қала Түрік республикасы тарихында айырықша орын алады. Өйткені өткен ғасырдың 20 жылдарындағы түрік азаттық қозғалысының белгілі бір кезеңдерінің тікелей қалаға қатысы бар. 1919 жылдың 3 шілдесінде Ерзұрымға Мұстафа Кемал Ататүрік келеді. Қолбасшысы қала халқы мен азаттық үшін күресуге бекінген қайраткерлер қуана қарсы алады. Сөйтіп мемлекеттік азаттығы жолындағы күресін жалғастырған Мұстафа Кемал біраз уақыт аялдап қалады. Ерзұрымдағы кезінде Мұстафа Кемалдан Ытсамбулдағы ресми Осман билігі әскери шендерін алып тастайды. Казым Карабекир пашаға Мұстафаны тұтқындауға бұйрық береді. Бірақ Казым Карабекир Мұстафа Кемалға қосылады.
Осы оқиғаға қатысты қызық бір дерек бар. Казым пашаның өзіне келе жатқанын естіген Мұстафа Кемал қасындағы серігі Рауф Орбайға бұрылып: «Осы жерге дейін ғана екен Рауф! Ұлт азаттық күрес басталмай жатып-ақ бітетін болды»,-депті. Ал бөлмеге кірген Казым Карабекир паша: «Мәртебелі пашам, мен және мен басқаратын корпус сіздің қарамағыңыздамыз!»,-депті. Осы сәтті түріктер азаттық соғысының ең шешуші кезеңдерінің бірі санайды. Казым Карабекир паша Мұстафа Кемалды тұтқындаса тарих қалай өрбитіні белгісіз еді.
1919 жылдың 23 шілдесінде Ерзұрым конгресі басталып, 7 тамызға дейін созылады. Ататүріктің «Республиканың і ргетасы Ерзұрымда қаланды» дейтін кезі осы тұс.
Қалада қазір Мұстафа Кемал Ататүріктің үйі сақтаулы тұр. Онда Ататүрік бастаған азаттық қозғалысын жақтаған «Албайрақ» газеті басылған станок, Мұстафа Кемал жатқан төсек, қолданған дүниелер тәрізді жәдігерлер сақталған. Сонымен қатар қалада Ерзұрым конгресі өткен ғимарат та сақталыпты.
Айтпақшы бұл қалаға 1828 жылы Александар Пушикн де келген. Қалада бір айға жуық уақыт боғлан ақын 1828 жылдың 28 шілдесінде кері қайтыпты. Ол Ерзұрымға саяхатшы ретінде ат басын тірепті. Дегенмен патшалық Ресей әскерімен бірге барғаны анық. Сол жыл кезекті османлы-орыс соғысы басталған болатын. Кейін де бірнеше рет соғысты екі жақ. Қаланы орыстар бірнеше рет басып алғанымен, екеі жақты келісімдер негізінде Осман империясына ақйтарылған еді. Бірақ 1916 жылы Ресей әскері қаланы басып алып, екі жыл билеп-төстеді. Дегенмен 1918 жылы түріктер қаланы кері қайтарып алды. Ресейліктерідң жиі келгендігінен болар, осы төңіректегі халықтың тілінде орыс сөздері де кездеседі.
Айталық ерзұрымдықтар күнбағыс шәкілдеуігін немесе пістесін «сымышка» дейді. Орыстыің «семечки» сөзі кәдімгі. Орыстың «чулки» деген сөзін ерзұрымдықтар «чүлкү» деп қолданады. Шұлық қой кәдімгі. Түркияның өзге аймақтарында картопты «пататес» десе, ерзқрымдықтар арасныда «картол» дейтіндер бар. Картоп деп қолданатын трабзондықтардан алған болуы мүмкін. «Чайник» деп сөйлейтіндер де осы ерзұрымдықтар. Әйтпесе өзге түріктер «демлік» дейді. Өзге аймақтың түріктерді пешті «сова» десе, ерзұрымдықтар «пеж» дейді.
Құлағу ұрпақтары билеген шаһар
Бұл қалада түрлі мәдениет іздері сақталған. Ежелгі дәуірде осы аймақ Хайаса паитшалығының жері болыпты. Көне Урарту мемлекетінің ықпалы да аз болмағанғаға ұқсайды.. Шамамен 2500 жыл бұрын дәурен сүрген ел ғой ол. Сол заманнан қалған мұра Ерзұрымда аз емес. Урарту сына жазуымен жазылған мұралар Ерзұрымдағы археологиялық музейде әлі тұр. Біз өзіміз үшін бір жаңалық аштық. Урартулардың негізгі құдайы «Халди» деп аталады екен. Жалпы осы тұста Түркиядағы археологиялық музейлердің өте бай екенін қоса кеткен жөн. Айталық Анкарадағы музейде хет жазуы жәдіргерлері де көп сақталған.
Кейін Ерзұрым аймағы ахеменидтердің, византияның иелегінде болды. 8 ғасырда арабтар да келіпті бұл қалаға. Түрік халықтарының алғашқы жорығы Ерзұрым төңірегіне 1071 жылғы Малазгирт (Манцикерт) шайқасынан басталған деседі. Селжұқ империясының сұлтаны Алпарслан Малазгирт шайқасында көзге түскен Салтук бейге Ерзұрым төңірегін сыйға тартса керек. Сөйтік Салтуклы дейтін бектік пайда болыпты. Кейін оны 1202 жылы Анадолу селжұқларының патшасы Рукнеддин Сүлейман шах құлатыпты. Кейін 1242 жылы моңғол нояны Байжу Ерзұқрымды жермен жексен етіпті. Осылайша қала Илхан мемелкетінің құрамына өтіпті. Одан соң Қарақойлы, Аққойлы хандықтарының, Сафави мемлекетінің, Осман империясының құрамында болған қала. Бұл жерде Қарахан дәуірінен басталып, Орта Азияда жалғасқан сәулет өнерінің іздері бар. Қазақстандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі немесе Самарқандтағы жәрігерлердің безендірілуіне ұқасас детальдар байқауға болады.
Аймақ әдеттегідей түрік асханасын байыта түскен өңір. Түріктер кебабтың жүздеген түрік жасаса, Ерзұрымда «жағ кебаб» дейтін түрі танымал. Жергілікті бренд саналады. Сосын бұл өңір халқы шай көп ішеді екен. Оған қатысты әзілдері де жетеді.
Бір сөзбен айтқанда тарихи туризм үшін Ерзұрым өлкесі тамаша аймақ. Адамзаттың ежелгі мекендерінің бірі. Ал белсенді турзим үшін қалаға қыста бару керек. Қонақ үйлердің тәуіліктік құны адам басына 11 мың теңгеден басталады. Ыстамбулдан Ерзұрымға ұшатын лоукостерлер 10 мың теңгеден басталады. Turkish Airlines билеттері біршама қымбат. 60 мың теңгег дейін жетеді. Бірақ бұл аймақтың ерекшеліктерін қазақстандықтар көп біле бермейді. Дегенмен ол жақта жұмыс істеп жүрген қазақстандық мамандар бар екен. Қысқы спорт саласында деседі.
P.S, Мына суретте сағат тұр. Лондондағы Биг-бэн мұнарасындағы сияқты сағат. Ерзұрымдағы мұнаралардың бірінде тұр. Кезінде ағылшындар Осман империясына сағат сыйлап, оны осында қойыпты. Бірақ орыс-түрік соғыстарының бірінде оны ресейліктер алып кеткен екен. Кейін ағылшындардан тағы бір сағат алып, мұнараға орналастырыпты. Ал бұрынғы сағатты түрік зерттеушілері әлі іздеп жүр. Шамамен Тбилисиде болуы мүмкін деседі. Тауып алса, даулап қайтарып алмақ ниетте екен.