бейсенбі, 13 наурыз, 2025 15:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазір бопсалаумен айналысатын псевдо-блогерлер көбейген – Сәрсен Құранбек

Қазір бопсалаумен айналысатын псевдо-блогерлер көбейген – Сәрсен Құранбек
Фото: Шымкент қалалық әкімдігі
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін бопсалайтын блогерлерді жазалау керектігін айтты.

"Қазір бопсалаумен айналысатын псевдо-блогерлер көбейген. Мынандай қателігінді көріп қойдым, көрсетпесін десең осындай ақша бересің деп айтады. Бұл әңгіме бізге де жетеді. Ар аттаған, ұяттан безген журналистсымақ блогерлер бар екенін сіздер де білесіздер. Мектептердің директорларын қорқытып қойған. Олар әлеуметтік желі мен БАҚ құралдарына шығып кетеді қорыққандарынан айтқандарын істейді. Бірақ біздің қазіргі позициямыз басқа. Ақша сұрап, жариялаймын деген блогер болса жариялатыңыздар. Сосын сотқа беріңіздер. Керек болса, соттатамыз. Павлодарда солай арыз жазған блогер солай түрмеге тоғытылды. Сондай жағдай баршылық. Президенттің өзі жариялықты ұстанамыз, ондай бопсалаумен айналысса жазаланады деп айтты. Сондықтан псевдо-блогер деп жайдан-жай айтқан жоқпын", - дейді Сәрсен Құранбек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар