Саясат

Президент ертең Ұлттық құрылтайға қатысады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы өз  Telegram арнасында Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда 
2023 жылы – Түркістанда 
2024 жылы – Атырауда өтті, – деп жазды Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.