Ата-аналар баласының TikTok-та отыру уақытын басқара алады
Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.
TikTok-та жасөспірімдердің қолдану уақытын шектеу және ата-аналарға бақылау мүмкіндігін арттыру үшін жаңа функциялар пайда болады. Атап айтқанда "Отбасылық баптаулар" бөлімінде "Демалыс" функциясы іске қосылады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Сол арқылы ата-ана баласының TikTok қарау уақытын басқара алады. Сондай-ақ, баласының кімдерді қарап жүргенін, кімді бұғаттағанын және парақшасына кімдердің жазылғанын да бақылай алады.
Сонымен қатар TikTok сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдерге арнайы ескерту жүйесін енгізеді. Егер бала ескертуден кейін де қосымшаны қолдана берсе, толық экранды хабарлама пайда болады. Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.
Қазір TikTok ата-аналарға арналған 15-тен астам қауіпсіздік параметрлерін ұсынып отыр, оның ішінде экран уақытын шектеу және жасөспірімнің аккаунтын жекеге ауыстыру мүмкіндігі бар.