
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты - ғылым мен білім саласындағы әйелдердің жетістіктерін атап өту және жас ғалымдарға қолдау көрсету.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасымен 10 жас ғалымға пәтер сертификаттарын табыстады.
Салтанатты шарада QyzPU Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының PhD, аға оқытушысы Рамазанова Алия Амангельдиевна да тұрғын үй сертификатына ие болды.
Алия Амангельдиевнаны шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолында жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.