Қоғам

Су тасқыны қаупі бар учаскелер анықталды

Жалпы ұзындығы 96,5 шақырым болатын 326 су тасқыны қаупі бар учаске белгілі болған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметіне сәйкес, биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 96,5 шақырым болатын 326 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. Онда еріген қар суларының тасуы және жол жабындысына зақым келтіру қаупі бар.

Су тасқыны қаупі бар учаскелер 9 өңірде анықталды: Ақмола (40 учаске), Қостанай (37 учаске), Солтүстік Қазақстан (35 учаске), Ақтөбе (31 учаске), Алматы (29 учаске), Қарағанды ​​(25 учаске), Атырау (24 учаске), Шығыс Қазақстан (22 учаске) ​​және Абай (22 учаске) ​​облыстарында.
2024 жылы автомобиль жолдарында жүргізілген күрделі және орташа жөндеулердің нәтижесінде 227 су өткізгіш құбыр орнатылып, соның арқасында 12 су тасқыны бар қауіпті учаске жойылды.

Қазіргі уақытта көктемгі қар суларының өтуін қамтамасыз ету және су тасқынының жол бетіне жайылуын болдырмау мақсатында қысқы кезеңнен кейін су өткізгіш құбырларды тазалау және ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні 8 891 құбырдың 4 548-і (жоспардың 51%) тазаланып, ашылды. Су тасқынына қарсы шараларды қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының областық филиалдарына 1 038 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жол және инертті материалдардың дайындалған көлемі мынадай: құм – 24,1 мың м3, ҚШҚ (құм-шағыл қоспасы) – 14,2 мың м3, топырақ – 1 060 м3, тас – 4,6 мың м3, қаптар – 103,2 мың дана және су өткізгіш құбырлар – 60 бірлік. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезеңінде қысқы кезеңнен қалған 150 мың м3-ден астам құм мен ұнтақ қосымша пайдаланылатын болады. Жалпы, су тасқыны кезеңіндегі өңірлердегі жағдай ерекше бақылауда: тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, автомобиль жолдары мен нысандар тексерілуде. Үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.